http://www.azattyqqaoc2456fyhuro4umlv7rjboyqtfw4p5uvht26xqpm3xjppyd.onion/a/victoria-from-mariupol-survived-the-impact-on-the-drama-theater/31784906.html
Виктория театрға тығылған жұрт орын да, тамақ та жетпей, қатты қиналғанын айтады. "Қолымызда барды талғажау еттік: печенье, алма, кәмпит. Балалар соны ғана жеп, жан сақтады. Кейін әскерилер келгенде қандай жағдайда отырғанымызды бір-ақ білді. "Азов" полкының адамдары: "Мұнда осынша көп бала, адамдар барын білген жоқпыз" деді.